384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бартоғайдағы мың жарымнан астам су қоймасы жөндеу көрмеген

  • 330
  • UPD: 13:17, 31.10.2018

Бартоғайдан бүгінге дейін салынған 1665 су қоймасы күрделі жөндеу көрмей келеді.

Тіпті табанын тазалауды да ешкім ойламайтын секілді. «Қыс қамын жаз ойла» демекші, көктемде су тасқынының алдын алу үшін әр жазда дамба ойықтарын бітеу, су ағынын сейілту, артық суды тиімді пайдалану, қосалқы арналар салу сынды жұмыстарды ұдайы түрде атқарып отыру қажет. Техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Қошымбаевтың пікірі осындай. Оның айтуынша, күрделі де күрмелі мәселені шешу үшін арнайы заң және мамандандырылған ведомство қажет. Кәсіби білікті мамандарды даярлап, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу керек. Проблеманы егжей-тегжейлі зерттеген профессор кітап ретінде өз нұсқаулығын да шығарған. Алайда Парламент қарауына ұсынылған құжаттар тиісті деңгейде еленбей келеді. Бұлай жалғаса беретін болса, елдегі су тасқыны жыл сайынғы құбылысқа айналуы мүмкін екен.

Хабар 24 телеарнасы