386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Үржар ауданында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмір таратылып жатыр

  • 435
  • UPD: 14:21, 31.10.2018

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арзан бағамен отын таратыла бастады.

Жергілікті әкімдік Жалаңашкөл кенішіндегі кәсіпорын басшыларымен 3 мың тонна көмірді 8 мың 500 теңгеден босату жөнінде меморандумға қол қойған. Тасымалын қосқанда отын бағасы 12-13 мыңнан аспауы тиіс. Ал қазір тұрғындар көмірді 800 шақырым жердегі Қаражыра кенішінен тоннасын 17-18 мыңға сатып алып отыр. Ауданда 55 елді мекен, 80 мыңға жуық халық бар.

Серік Тілемісов, Үржар аудандық ТКШ бөлімінің жетекшісі:

-Жалаңашкөл кенішінен аудан орталығына дейін 150 шақырым. Кесте бойынша ауылдық округ әкімшіліктері өздері Камаздарды ұйымдастырады, жіберіп отырады. Одан кейін өздерінде жасалынған кестеге сәйкес, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға осы көмір таратылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы