383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Шарық су қоймасы жөндеуден өткізіледі

  • 527
  • UPD: 14:01, 31.10.2018
СҚО-ның Шарық су қоймасы жөндеуден өткізіледі

Солтүстік Қазақстан облысындағы Шарық су қоймасы күрделі жөнделеді. Бүгінгі таңда 19 млн теңгеге оның жобалық-сметалық құжаты дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Апаттық деп танылған нысанды қалпына келтіру үшін 500 млн теңгеге жуық қаржы қажет. Ғабит Мүсірепов ауданындағы бөгет қараусыз қалып, 2014 жылы республикалық меншікке өтті. Айта кетейік, көктемгі тасқын кезінде тоспа еріген қар суына толып, жиегінде жатқан Мәдениет пен Көкалажар ауылдарына қауіп төндіреді. Облыстағы Сергеев және Петропавл су қоймаларындағы жағдай тұрақты.

Бейбіт Қадыров, «Қазсушар» РМК СҚФ директорының орынбасары:

- Шарық су қоймасы бойынша автоматты су тастау ғимаратын салу қарастырылған. Бұл бөгет 1991 жылға дейін жұмыс істеді. Бүгінге дейін оның тоз-тозы шыққан.

Хабар 24 телеарнасы