383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда жаңа форматта жұмыс істейтін учаскелік полиция бекеті ашылды

  • 535
  • UPD: 07:59, 01.11.2018

Теміртау қаласында жаңа форматта жұмыс істейтін алғашқы учаскелік полиция бекеті ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекшелігі, нысанның төрт қабырғасы түгелдей шыныдан салынған, оқ өтпейді. Ең бастысы, халық тәртіп сақшыларының жұмысын сырттан бақылай алады.

 «Учаскелік полиция бекетіндегі компьютерлерге орнатылған жаңа бағдарлама кез келген ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді», - дейді аға инспектор Ерғали Байпатшаев. Бұл келешекте тәртіп сақшыларының жұмысын одан әрі ширата түспек. Ал шыны қабырғадан полиция қызметкерлерінің немен айналысып жатқанын сырттай қадағалап отыруға болады.

Ерғали Байпатшаев, аға инспектор:

– Біздің аймақтық пункт 3 шаршы шақырымды қамтиды, 11563 тұрғын бар. Сол тұрғындармен осы уақытқа дейін жұмыс істеп келдік, әрі қарай бұдан да күшейтіледі. Мемлекет тарапынан қолайлы жұмыс орнын орнатып берді. 

Елбасы биылғы Жолдауында халықпен жұмыс істеудің заманауи форматын енгізіп, полиция қызметін сервистік модельге көшіру керектігін айтқан болатын. «Учаскелік бекеттің ашылуы жаңа жүйеге ауысуға жасалған алғашқы қадам», - дейді мамандар. Ғимарат кісі қарасы көп жүретін ең ірі орталық екі көшенің қиылысында орналасқан. Маңайында әлеуметтік нысандар да жеткілікті. Мұнда 10 адам тұрақты түрде еңбек етеді. Тәулік бойы қызмет көрсететін полиция бекетіне тұрғындар кез келген уақытта келіп, арыз-шағымын айта алады.

Мергенбай Жаппаров, облыстық ІІД басшысы:

– Нысан шыныдан жасалған. Ерекшелігі, 6 бөлім қызметкері отырады. Сондай-ақ жасөспірімдер инспекторы бар. Компьютермен, басқа да құралдармен қамтамасыз етілген.

Қазір қаланың бұл аймағында шамамен 12 мыңға жуық адам тұрады. Жыл басынан бері ауданда 320 қылмыс тіркелсе, бүгінде соның 210-ы ашылып, кінәлілер тиісті жазасын алған.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы