386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай астанасында «Абай оқулары» өтті

  • 463
  • UPD: 15:25, 01.11.2018
Қытай астанасында «Абай оқулары» өтті

Қытайда өткен «Абай оқулары» шарасы Астананың жиырма жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қазақтың бас ақынын Бейжің жұртшылығы жақсы таниды. Қытай астанасындағы ең көрікті саябақтардың бірі Чаояңда Абай ескерткіші 2013 жылы ашылды. Осы жердегі Цзиньтай музейінде жыл сайын Абай оқулары өтіп тұрады.

Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының зерттеушісі Ван Сяоюй қазақ әдебиетімен жақсы таныс. Таяуда Астана мен Алматыда болған ол Мұхтар Әуезов туралы мақала жазып жатқанын айтады. «Қытайлық оқырмандарды қазақ әдебиетінің алыбымен жақыннан таныстырғым келеді», – дейді. Бүгін де Бейжіңдегі «Абай оқуларына» арнайы келді. Мағжан шығармаларын қытайшаға тәржімалаған, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жақсы білетін Ван Сяоюй Абай туралы тереңірек зерттеп көрмек.

Ван Сяоюй, Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының зерттеушісі:

– Абай шығармалары негізінен қытайлықтарға жақсы таныс. Оған дәлел, биыл көктем мерекесіндегі гала-концертте Орталық телеарна ақынның өлеңінен қойылым көрсетті. Абайдың өсиеті, философиясы өте терең әрі ол әрқашан өзекті.

Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған «Абай оқулары» Астананың 20 жылдығына арналды. Оған Бейжіңде білім алып жатқан қазақстандық және қытайлық студенттер қатысты. Олар ұлы ақынның қара сөзі мен өлеңдерінен үзінді оқыды. Шараға қытайлық зиялы қауым өкілдері мен жергілікті қазақ диаспорасы келді.

Алғаш рет ақынның қара сөздері мен поэзиясын қытайшаға белгілі жазушы Әкбар Мәжит, кәсіби аудармашы Ха Хуанчжан тәржімалаған. Бейжіңдегі орталық саябақта ұлы ойшылдың ескерткіші де бар. Қытай астанасында «Абай оқулары» жыл сайын өткізіліп тұрады.

Авторы: Нұрбек Бекен

Хабар 24 телеарнасы