389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Қайырымдылық керуені» конкурсы жарияланды

  • 713
  • UPD: 23:46, 01.11.2018

Елімізде «Қайырымдылық керуені» атты байқау бастау алды. Оған әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысқан тұлғалар мен кәсіпорындар қатыса алады.

Жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» номинациялары бойынша анықталады. Шараның мақсаты - ел арасында қайырымдылық идеяларын дәріптеу. Айта кетейік, "Хабар" Агенттігі жобаға ақпараттық қолдау көрсетеді.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінгі шараның маңызы ерекше. Еліміздің ертеңі мемлекетіңіздің болашағы үшін аса пайдалы екендігін ескере отырып, Тұңғыш Президент - Елбасы қорымен осы Қазақстан іскер әйелдер қорының бастамасын қолдадық. Көбіне біздің азаматтар ұлттық менталитетіне сәйкес өз жақсылықтары жайлы айта бермейді. Оларды көпшілікке көрсету жастар алдындағы мақсатымыз деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы