389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада мешіттерде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

  • 794
  • UPD: 12:10, 02.11.2018
Астанада мешіттерде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды Алаш айнасы

Жергілікті тұрғын полицияға келіп шағымданған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, 28 қазанда «Нұр-Астана» мешітінде белгісіз біреу оның аяқ киімін ұрлап кеткен. Сол сәт видеобақылау камерасына түсіп қалған. Ал 31 қазанда полицейлер «Әзірет Сұлтан» мешітінде кезекті ұрлық жасап жатқан жерінен Түркістан облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады. «Ұсталған ер адамның осыған дейін «Нұр-Астана» мешітінде жасалған ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды. Ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», – делінген әкімдіктің сайтында. Осыған байланысты Астана полицейлері тұрғындарды абай болуға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы