389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық құтқарушылардың қысқа дайындығы пысықталды

  • 270
  • UPD: 15:13, 02.11.2018
Ақмолалық құтқарушылардың қысқа дайындығы пысықталды

Ақмола облысының құтқарушылары да республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Практикалық іс-қимылдарды пысықтауға 260 адам мен 36 техника жұмылдырылды. Олар бу қазандығында болған шартты өртті сөндіру шараларын пысықтады. Оқиға орнына жедел жеткен топ апаттың салдарын жойып, зардап шеккен 3 адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Мұндай тактикалық оқу-жаттығулар Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлерінің бірлесіп әрекет етуге қаншалықты дайын екендіктерін көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, өңірде 1,5 мыңнан астам құтқарушы қызмет етеді. Олар 220 арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

- Оқу-жаттығу өтетін екінші жер – Бурабай ауданындағы Астана-Бурабай тас жолы. Мұнда жолды жауып, қыстыгүні қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқару амалдары пысықталады. Сценарий бойынша құтқарылған адамдар уақытша Щучинск қаласына жеткізіліп, көліктен шығып, далада адасып кеткендер іздестіріледі.

Хабар 24 телеарнасы