386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық сақтандыру қорына қазан айында 8,7 млрд теңге аударылды

  • 303
Медициналық сақтандыру қорына қазан айында 8,7 млрд теңге аударылды

Қазан айында Медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қазанына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 113,8 млрд теңгеге жеткен.

«Оның 105,2 млрд теңгесі (шамамен 92,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (7,6%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы