383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көше қылмысы 7% төмендеген

  • 348
Ақтөбеде көше қылмысы 7% төмендеген

Ақтөбеде қарақшылық шабуыл мен бұзақылық азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыс аумағында 234 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, жол-патрульдік полиция қызметі жетілдіріліп, қажетті мамандармен толықты. Осы айда 100-ден астам сержант лейтенант шенін алған. Офицерлік құрамға өткендердің білімі мен біліктілігі ескерілген. Облыстық полиция департаментінің мамандармен жұмыс бөлімі басшысы кадр сапасын жақсарту жұмыстары басталғанын айтады. Мемлекеттік күзет қызметінен қысқарғандарды полиция қатарына қабылдайды. Себебі саланы білетін дайын мамандар жұмыссыз қалмауы тиіс. Жалпы жыл басынан бері 166 645 адам полициядан көмек сұрап, хабарласқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 31 процентке аз.

Жақсылық Нысаналин, облыстық полиция департаментінің мамандармен жұмыс бөлімі басшысы:

– Сержанттық лауазымдағыларды офицерлікке ауыстырудың негізгі міндеті – полицейлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату, халық тарапынан шағымдардың азаюына себеп болады деп ойлаймыз. Себебі офицерлікке білімі жоғары, кәсіби мамандар тағайындалып отыр. Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сейкес, кадр резервінде тұрғандарды жоғары басшылық құрамға ауыстыру жүргізіледі. Ол үшін кадр комиссиясы құрылған.

Хабар 24 телеарнасы