384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соғыста хабарсыз кеткен жауынгердің сүйегі Өскеменге қайта жерленді

  • 232
  • UPD: 10:17, 03.11.2018
Соғыста хабарсыз кеткен жауынгердің сүйегі Өскеменге қайта жерленді

Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен шығысқазақстандық жауынгер Филипп Антроповтың денесі туған жеріне қайта жерленді.

Алдымен ардагердің рухына құрмет көрсетілді. Зұлмат жылдары 106-атқыштар дивизиясының сапында фашистерден елін қорғаған азаматтың  сүйегі шілде айында Ресейдің Орловск облысы Кромск ауданынан табылған. Ол жерден  сарбаздың және зайыбының аты-жөні мен қай жақтың тумасы екені анық көрсетілген  медальон да табылды. Филипп Антропов 1939-1940 жылдары Фин соғысына қатысып, одан келген соң Риддердегі кеніште еңбек еткен. 1942 жылы екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, содан қайта оралмаған. Атасының денесін іздеу жұмыстарымен 14 жасынан бастап, үздіксіз айналысқан Игорь Антроповтың арманы орындалды. Осылайша тағы бір батыр ұлға 73 жылдан кейін туған өлкесінің топырағы бұйырды.

Игорь Антропов, ҰОС ардагерінің немересі:

- Атамыздың сүйегі табылды дегенде не қуанарымды, не жыларымды білмедім, өйткені бұл бір жағынан қайғылы, бір жағынан мұңлы  ақпарат болды. Дегенмен, кеудемді мақтаныш кернеді. Талай жылдан бергі еңбегіміз ақталып, сарбазды туған топырағына  жерлеуге мүмкіндік алдық.

Хабар 24 телеарнасы