384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада азық-түлікті төмен бағаға сататын жәрмеңке басталды

  • 401
  • UPD: 12:33, 03.11.2018
Елордада азық-түлікті төмен бағаға сататын жәрмеңке басталды blogspot.com

«Алай Базары» көтерме-бөлшек сауда орталығының ғимаратында 3 қараша мен 3 желтоқсан аралығында күн сайын «Алтын күз» атты әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. 

Павлодар мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен жармалар ұсынады  Қой етінің бағасы 1230 теңгеден басталса, жылқының еті 1400-ге дейінгі аралықта сатылады. Әлеуметтік жәрмеңкеде картоптың бағасы келісі 55 теңге. Айта кетейік, Павлодар облысынан 150 тонна картоп жеткізілген. Сондай-ақ сәбіздің бір келісін 45 теңгеге ала аласыздар.  Ақмола облысынан 30 тонна ірі қара мал мен 7 тонна қойдың еті жеткізілді. Ірі қара малдың еті келісіне - 1300 теңге. Ал қой еті 1250 теңге.  Жұмыртқаның бағасы С-1 санаттық -  23 теңге, С-2 - 24 теңге.  Сонымен қатар мұнда кондитерлік және макарон өнімдері, шұжық пен бал да ұсынылған. 

Жәрмеңкенің мекен-жайы: Алаш тас жолы, С 316 көшесі, 5-ші ғимарат, «Магнум» гипермаркетінің артында. «Алай базарына» № 39, 41, 53, 307 және 317 автобустары баратынын естеріңізге саламыз. 

Анықтама телефондары: +7 (7172) 738087, +7 771 180 0006, +7 702 000 0390.

astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы