386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы әкімдігі құс шаруашылығына субсидияның тоқтатылуына қатысты пікір білдірді

  • 421
  • UPD: 07:54, 05.11.2018
Алматы облысы әкімдігі құс шаруашылығына субсидияның тоқтатылуына қатысты пікір білдірді

Биыл мемлекеттен қолдау ретінде мал шаруашылығына 12 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Десек те құс өсіру саласына бөлінетін қаражат тоқтатылды. Осы орайда біз Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан едік. Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің жауабын тыңдайық.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Биыл Алматы облысында құс өндірісін қолдау үшін бюджеттен 5 млрд-тан астам қаржы бөлінген болатын. Қазіргі таңда бұл қаржының бәрі аяқталды. Себебі Алматы облысында соңғы жылдары құс өндірісімен айналысатын қожалықтардың саны едәуір асып түсті. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан өтініш жібердік. Бұл хаттың жауабын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы