364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында су құбыры тартылып жатыр

  • 72
  • UPD: 08:06, 05.11.2018

Алдымыздағы жылы Павлодар облысының 10 мыңдай тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізеді.

Қазір Май ауданында су тарату құбырының құрылысы қарқын алған. Іске қосылғанда тіршілік нәрі ауданның барлық елді мекендеріне жетеді. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаға  республикалық бюджеттен 5 жарым миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.

Май ауданының тұрғындары  топтық ауызсу құбырын ұзақ жылдар бойы күтіп келеді. Жергілікті билік 2010 жылы бұл мәселені шешуге әрекет еткен болатын. Бірақ кейбір себептермен құрылысты бастау мүмкін болмады. Тұралап қалған сол кездегі жұмыс араға 8 жыл салып қайта жанданды. Бүгінгі күні құрылыстың 55 пайызы аяқталыпты. Су тартылатын алғашқы бекетте 7 ұңғыма қазылды. Судың қайнар көзі дәл осы жерден бастау алады.

Арман Оспанов, телім шебері:

- Біздің есебіміз бойынша  секундына  8 литр су келеді. Ұңғымалар 16-дан 14 метрге дейін тереңдікте қазылған. «Гидрогеология» 20 жылға жететін су қоры барын анықтап берді.

Болашақ су бекеті осы. Мұнда бастапқы су келетін резервуарлар, екі мың текше метрлік таза суға арналған қоймалар және екінші сорғы стансасы орналасады. Соңғысынан су магистральді тораптарға таралады. Қолданылатын жаңа технологиялар судың құрамын түрлі қоспалар мен ауыр металдардан тазартады.

Александр Ясонин, телім  басшысы:

- Судың  құрамы екі қайтара тазартылады. Алдын ала өңделгеннен кейін    барып саз тұтқыдан және сіңіргіш сүзгіден өтеді. Мінсіз таза су екінші сорғы арқылы магистральға, одан кейін тораптарға жіберіледі.

Топтық су тарату магистралінің ұзындығы 142 шақырымды алып жатыр. Автокөлік бойымен жүретін су құбыры 16 ауылды басып өтеді. Келешекте тағы 6 ауылды қосу жоспарланып отыр. Магистраль құрылысына  өз елімізде шығарылатын материалдар қолданылып жатыр.

Арман Оспанов, телім шебері:

- Бұл – жаңа технология. Испанияда өндірілген құбырлар. Қазір Астанада жасалады. Өте қолайлы. Испанияда бұл құбырлардың қолданылу мерзімі 70 жыл екен. Бізде 35-50 жыл деп  отыр.

Келесі жылы жергілікті билік су құбырларын ауыл ішіне тарту жұмыстары  басталатынын айтады. Жоба бойынша ауызсу тұрғын үйлерге 2020 жылы беріле бастайды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Осы категория бойынша: « Петропавлда Қазақстан мен Ресей президенттері қатысатын форумға дайындық қызу Қарағандыдағы дәрі-дәрмек қоймасы жұмыскерлерінің жалақысы өседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы