389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада шыны зауыты іске қосылады

  • 726
Қызылордада шыны зауыты іске қосылады

Келер жылдың көктемінде Қызылордадағы шыны зауыты іске қосылады.

Бұл туралы бүгін өңір әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар алаңында мәлім етті. Қазір кәсіпорын құрылысы аяқталуға жақындап қалған. Қажетті құрал-жабдықтың барлығы жеткізілді. Жобаның құны – 150 млн доллар.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

– Менің ойымша, жаңа шыны зауытындағы өндіріс 32 жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істей алады. Қажетті технология бар. Келер жылы сәуір-мамыр айлары аралығында, яғни ауа температурасы 20 градусқа дейін жеткенде, өндірісті іске қосамыз. Бұл зауыт Орталық Азияда шыны шығаратын кәсіпорындар арасында көш бастайтынына сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы