384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасынан заң туралы бағдарлама көрерменге жол тартады

  • 346
  • UPD: 11:03, 06.11.2018

Адам және заң. Біздің қоғамда баршаға ортақ заң қағидалары қалай орындалып жатыр? Әділдік іздеп, баз кешкен, құқықтық әділетсіздікке душар болған, қиын-қыстау сәтте кімнің есігін қағып, кімге шағымдануды білмей дал болған азаматтардың мұңын кім тыңдайды?

Заңгерлер мен соттың салғырттығынан балта шабылған адам тағдыры ше? «Хабар 24» арнасында жаңа бағдарлама тұсауын кеседі. «Дело особой важности». Ғылыми-көпшілік жоба шынайы өмірге негізделген.

Тимур Ержанов, заңгер, жоба жүргізушісі: 

- Бұл жобада Жоғарғы сотқа дейін жеткен шынайы азаматтық және қылмыстық істер желісі баяндалады. Өздеріңіз білетіндей, Жоғарғы сотқа кез-келген іс жіберіле бермейді. Жобада көтерілетін маңызды, өзекті мәселелер заңгерлерді ғана емес, қарапайым халықты да қызықтырары анық. Ешкім де әділдіктен күдер үзбеуі керек. Біздің бағдарлама апта сайын «Хабар24» арнасынан көрсетілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы