386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкіметте азық-түлік белдеуінің жол картасы таныстырылды

  • 610
  • UPD: 23:40, 06.11.2018

2021 жылға дейін Ақмола мен Қарағанды облыстарында 16 сүт фермасы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса ет өңдейтін кешен іске қосылады. Бұның барлығы жергілікті тұрғындарды сапалы және арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгін Үкіметте азық-түлік белдеуінің жол картасы таныстырылған болатын. Алдағы 3 жылға есептелген жоба өңірлерде жеміс пен көкөніс өндірісін арттырып, тауар айналымын жоғарылатуды көздейді. Әсіресе шаруалар үшін өнімдерін өңдеуге және сақтауға қажетті барлық жағдай жасалмақ. «Ал бұл айналып келгенде тауардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді мамандар. Азық-түлік белдеуінің жол картасы қазір Астанада пилоттық негізде жүзеге асып жатыр.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Астана айналасында 92 жоба белгіленді. Олардың ішінде сүт фермалары, ет фермалары, жылыжайлар бар. Басқа да бағыттар қамтылды. Олар апталық мониторингке алынды. Осы бастамалар Елбасы қоған тапсырмаларды уақтылы орындауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы