384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Азия журналистері БАҚ мәселелерін талқылады

  • 331
  • UPD: 15:33, 07.11.2018

Кез келген ақпараттың дұрыс-бұрыстығын қысқа уақыт ішінде тексеру үшін көптілділік саясатын ұстану, азаматтық қоғаммен бірлесе жұмыс істеу және ұрыс алаңдарындағы тілшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру керек.

Орталық Азия журналистерінің осымен жиырмасыншы рет өткізіліп жатқан конференция қатысушылары осындай пікір білдірді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, елде бүгінгідей жиындардың жиі өткізілуі отандық медианың дамуына ерекше мән беріліп келе жатқанын айғақтайды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Соңғы жылдар ішінде адам құқықтарын қамтамасыз ету, сөз бостандығы және гендерлік теңдік туралы жобалар қолға нық алынғаны белгілі. Бүгінгі шараның күн тәртібі әлемдік медиа өкілдерінің жаһандану маңыздылығын қамтиды. Жоғары технологияның дамуы, саланың цифрлануы және деректер алмасу жылдамдығының артуы жалпы жүйеге серпін бергені анық.

Журналистика болашағы бұлыңғыр болмас үшін төртінші билік өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру керек. Бүгінде жаһан бойынша медиа қызметкерлерін қудалау, саяси тақырыптарды жабық қазан күйінде қалдыру, сөз бостандығындағы шектеулер, құпия ақпараттарды жарияламау, журналисттік зерттеу мен заңбұзушылықты әшкерелеуге кедергі жасау немесе үркіту сынды әрекеттер саланың еркін дамуына кедергі. Сондықтан жалпы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу уақыттың талабы дейді спикерлер.

Арлем Дезир, ЕҚЫҰ БАҚ сөз бостандығы жөніндегі өкілі:

– Бұл конференция – Бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік орган өкілдері үшін ортақ мәселелерді талқылауға арналған таптырмас алаң. Адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғау бүгінгі жиынның негізгі тұжырымдамасы. Ақпарат және коммуникация, сыртқы істер министрлерімен кездесіп, жалпы ақпаратқа қолжетімділік тақырыбын талқыламақпыз. Меніңше, аталған жүйені жетілдіру арқылы сала қызметін одан әрі жаңғыртуға болады.

Хабар 24 телеарнасы