384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары Ә.Шаяхметов 12 жылға сотталды

  • 737
  • UPD: 17:59, 07.11.2018
Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары Ә.Шаяхметов 12 жылға сотталды

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Талдықорған қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметовты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүрген кезінде аса ірі көлемде пара алды және қылмыстық жолмен келген ақша мен өзге де мүлікті заңдастырды деген айып тағылған еді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 4-бөлігі және 218-бабтың 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылған Шаяхметовтың қылмыстық жолмен тапқан дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі түрмесінде өтейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы