387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте денсаулық сақтау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді

  • 493
  • UPD: 21:07, 07.11.2018

«Денсаулық сақтау туралы» заңнамаға өзгеріс енген соң шұғыл медициналық қызмет жалпыға қолжетімді болады.

Сала мамандарының біліктілігі арттырылады. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Мәжілістің бірінші оқылымында денсаулық сақтау жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. Құжатты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов таныстырды. Сонымен жаңа құжат саланың дамуына қаншалықты ықпал етеді? Сауалымызға Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова жауап береді.

- Енді заң жобасын қарастырған жұмыс тобының мүшесі ретінде айтыңызшы, бұл құжат халыққа несімен пайдалы болады?

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл заң жобасы өте ерекше. Өзекті. Қазіргі кезде Президентіміздің тапсырмасы бойынша орындалып отырған заң жобасы бұл мына кепілдендірілген медициналық көмектің жаңа моделін ұсыну қажет деп Президент өзінің төртінші шақырылымындағы біріккен жиналыста айтқан болатын. Тапсырған болатын. Сол тапсырманың аясында орындалып отырған заң жобасы. мына министрлік пен кепілдендірілген медициналық көмектің моделі соңғы рет 9 жыл бұрын қаралған екен. Сондықтан әрине мына жаңа модель өте қажетті, орнықты болып отыр. Бұл модель бізге не береді? Ең бірінші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР Денсаулық сақтау саласы жаңа жүйеге ол әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Сонымен қатар  мына жаңа модель де өзінің жұмысын бірге қатар алып жүреді. Жаңа модель 3 сатымен өтеді. Оның бірінші сатысы - төменгі деңгейдегі медициналық көмек. Ол жаңағы кепілдендірілген медициналық көмектің аясында болады. Ол шұғыл жағдайларда мысалы біздің өзіміздің заң жобамызда оның бәрі көрсетілген. Мысалы шұғыл медициналық көмек ол барлық адамға көрсетіледі. Ол Қазақстан азаматы болсын, басқа елдің азаматы болсын, ол барлығына көрсетіледі. Ал амбулаторлық көмек ол кім системаға кіреді, соған ғана көрсетіледі.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Зәуреш Жұманәліқызы, енді келесі сауал. Жаңа заңнама аясында жоғары оқу орындарының жанынан университеттік клиникалар құру жоспарланып отыр делінді. Осыны тарқатып айтып берсеңіз. 

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жақсы дәрігер, ол резидентураны өтпей, дәрігер дипломын ала алмайды. Міне соны оқу бізге жақсы деңгейдегі клиникалар керек. Сол үшін бүгінде университеттік клиникаларға деген осындай толығымен олардың құқығымен қандай болу керектігі осы заң жобасында қарастырылған. 

Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған жаңа заңнаманың аясында алдағы уақытта 11 заңнамалық актіге, оның ішінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жөніндегі» кодекске, «Қылмыстық және қылмыстық процестік» кодекске, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодекске түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы