384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 100 мың анаға проактивті мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді

  • 276
  • UPD: 07:28, 08.11.2018
Елімізде 100 мың анаға проактивті мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді

Жыл басынан бері елімізде өмірге сәби әкелген 100 мың анаға проактивті мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

Проактивті мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі өткен жылдың соңында пилоттық жоба ретінде енгізілген еді. Ерекшелігі, нәрестелі болған ана ешқайда бармай-ақ перзентінің Туу туралы куәлігін ала алады. Бұған қоса сәбиді бірден балабақша кезігіне тұрғызып, әлеуметтік төлем рәсімделеді. Ол үшін Электронды үкімет порталындағы мобильдік базаға тіркелсе болғаны. Бұл жағдайда барлық рәсімдеу жұмыстары автоматты түрде іске асады. Жалпы осы жылдың 10 айында 100 мың ана проактивті қызмет алу СМС-хабарламаға жауап берді. Олардың 59 мыңы Туу туралы куәлігін рәсімдесе, 18 мың бала балабақша кезегіне қойылды.  

Жаңыл Апетова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалының баспасөз-хатшысы:

- Ол үшін жаңа босанған аналарға қойылар талап – мобильді үкіметке тіркелу. Ең бірінші талап сол. Қазір 30-дан астам мемлекеттік қызмет туралы хабарламаны СМС арқылы алғуа мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы