383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 88 мың табиғи газға қол жеткізе алмай отыр

  • 405
  • UPD: 19:58, 08.11.2018
Жамбыл облысында 88 мың табиғи газға қол жеткізе алмай отыр

Жамбыл облысында 88 мың адам табиғи газға зәру.

Сол себепті тұрғындардың ауласына газ жеткізу үшін «Жамбылжылу» мекемесіне арнайы лицензия берілді. Сөйтіп бұл қызметтің құны 150 мыңнан 83 мың теңгеге дейін төмендейді. Осылайша жыл соңына дейін 53 мың отбасы көгілдір отынның шарапатын көреді. Айту керек, өңірде 377 елді мекен болса, оның 181-іне газ тартылған. Бүгін бұл туралы журналистерге аймақ басшысы Асқар Мырзахметов хабарлады.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі:

– Ар жағында қалып отырған 35 мың адамды газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама қажет. Ол үшін бюджеттен тиісті қаражат қарастырдық. Ал енді қалып отырған 173 ауылды газдандыру үшін келесі жылы 84 елді мекенді газдандыруға қатысты Энергетика министрлігіне тиісті өтінім бердік.

Хабар 24 телеарнасы