384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының Ресеймен тауар айналымы артты

  • 337
  • UPD: 11:06, 09.11.2018

Ақтөбе облысы мен Ресейдің Орынбор облысы арасындағы тауар айналымы 3 есеге өскен.

Шағын және орта бизнес пен ауылшаруашылығы саласында  әріптестік нығайып, бірлескен кәсіпорындар ашылды.  Жалпы, батыс аймақтағы өндірісті өңір мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 800 млн доллардан асса, оның 27 пайызы Орынбор облысының үлесінде. Ақтөбелік кәсіпкерлер Орынборда бизнес ашса, көршілер Ақтөбеде.. табыс көзін тапқан.

Шекаралас көршілер Ақтөбеден ұн, құрылыс материалдары мен азық-түлік алады. Ал, ақтөбелік шаруалар Орынбордан сапалы тұқым тасымалдайды. Құрылысқа қажетті газоблок шығаратын зауыт осыдан 3 жыл бұрын Орынборда өз филалын ашты. Сапалы материалға сұраныс жоғары. Ал, өңірдегі ең ірі ұн-диірмен комбинаты дайын өнімнің 10-15 пайызын көршілерге экспорттайды. Дайын өнімді көршілерге кедергісіз тасымалдау үшін, Кедендік Одақ мол мүмкіндік берген.  Алдағы жоспар-экспорт көлемін арттыру.

Бекнұр Бейісов, диірмен-ұн комбинатының бас директоры:

- Біздер болашақта жаңа желі, жаңа жабдық алғымыз келеді. Соның бәріне 500 инвестиция ретінде 500 млн теңге керек. Егер Елбасы Жолдауы негізінде қолжетімді несиелер енгізіліп, біздің қолымыз жетсе, біз біраз өнім шығарып, экспортқа да жібере аламыз.

Орынборда Ақтөбеде дайындалатын кондитерлік өнімдерге сұраныс артқаннан кейін кәсіпкер сол жақта 4 бірдей филиалын ашты. 50  адам  тәттінің 200 түрін дайындайды.  Болашақта кәсіпті кеңейтіп, өнім түрлерін көбейту жоспарда бар.

Шексіз, шекарасыз ынтымақтастық арқасында  Ақтөбе облысында ресейлік капиталдың қатысуымен 500-ден астам бизнес нысаны жұмыс істеп тұр. Жалпы биыл Ресей Федерациясымен арадағы тауар айналымы 804 млн долларды құраған.

Ермек Кенжеханұлы, облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыс басқармасының басшысы:

- Егер өткен жылдың осы уақытымен сылыстырғанда, бұл көрсеткіш 108 пайызды көрсетіп отыр. Бұл оң көрсеткіш. Бұл Ақтөбе облысы мен РФ арасында атқарылған үлкен жұмыс. Жалпы біздің бірнеше облыспен тауар айналымы және қарым-қатынасты дамыту жөніде келісім-шарттар бар. Шекаралас Орынбор, Татарстан және Ульяновск облысымен келісім-шартқа қол қойғанбыз.

Өткен жылы тек Орынбор облысымен ауылшаруашылығы саласындағы тауар айналымы 1 млрд теңгені құраған. Қазір ауылшаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорынмен әріптестік байланыс орнатылды. Ақтөбелік шаруалар көршілерден арнайы техника сатып алады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы