384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Инвестицияның орнына тариф» бағдарламасынан кейін баға төмендемеген

  • 503
  • UPD: 12:12, 09.11.2018

Қазақстанда тариф ақысы төмендеді. Халық дәл осындай жаңалықты талайдан естімеген болар. Тіпті жыл басынан бері орталықтандырылған жылу ақысы, керісінше тағы 100 теңгеге қымбаттап кеткен.

Электр қуаты үшін де 40 теңге артық төлеуге тура келеді. Халықтың қалтасына салмақ салып, өз күйін күйттеп кеткен монополистер жайы қандай болады? 

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Деректерге сүйенсек, коммуналдық қызмет ақысының жылдан жылға аспандағанын байқаймыз. Жылды қойып ай сайын қымбаттайтын қызметтер бар.

Кестеде өткен жылғы тариф ақысымен биылғысы салыстырылған. Су, газ, электр қуаты, үйді күтіп ұстау мен жылуға жұмсалатын шығын айтарлықтай. Халықтың налитын да жөні бар. Себебі қымбатшылық бүйірден қысады.

«Бағаға баға қосылғаны жайлы келіп тұрған түбіртектен ғана білеміз. Алдын ала неге ескертілмейді?», - дейді олар.

Асан Бәзілов, табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

- Бұл құбылып тұратын жағдай. Станциялар шығындарына қарай бағаны көтеруге құқылы. Қаңтар айында олар бізге келіп, станцияда ақы көтеріліпті, біз де көтереміз деуі мүмкін. Бірақ біз олардың сөзіне сене салмаймыз. Бәрін тексереміз, келісімдерді қарап, қажеттіліктің бар-жоғын анықтаймыз. Яғни өсім негізге сай болады.

Ал тарифтер негізсіз қымбаттаған. 2009-2015 жылдарға арналған «Инвестицияның орнына тариф» бағдарламасы аяқталғаннан кейін баға төмендеуі тиіс еді.

Міндет орындалмады, керісінше бұқараның қалтасын қағып, 29 млрд теңге жымқырылған. Елбасы бұл жағдайға орай «Жолдаудағы жүктеген міндеттерді жете түсінбеген және оны орындауға қауқарсыз мемлекеттік орган басшыларының мемлекеттік қызметтегі жұмысы орынсыз. Қызметіне адал қарамайтын монополистер жауапкершілікке тартылуы тиіс» деді

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы