384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылықтар коммуналдық қызмет үшін 1 млрд астам қаржыны артық төлеген

  • 341
  • UPD: 11:05, 09.11.2018
Қарағандылықтар коммуналдық қызмет үшін 1 млрд астам қаржыны артық төлеген

Қарағандылықтар коммуналдық қызмет үшін 1 млрд теңгеден астам қаражатты артық төлеген.

Облыстық про-куратура мамандары 6 моно-полист ұйымның тарифтерді қалыптастыру барысында қате жібергендерін анықтап отыр. Тарифтік сметаның шығыны бойынша заң бұзған 4 компанияға құзырлы органдар уақытша өтемақы тарифын енгізді. Осылайша тұтынушылар коммуналдық қызмет бағасын жыл бойы төмендетілген тарифпен өтейтін болады. Қазір  Қарағанды және Балқаш қалаларында жылумен қамтамасыз ету бойынша орташа тариф құны 25 теңгеге төмендетілді.

Нұрсұлтан Қалдырбай, облыстық прокуратураның ресми өкілі:

-  Прокуратура органдарының шарасы нәтижесінде облысымыздың 462 мыңнан астам тұтынушыларының құқықтары қорғалды. Моноплисттер 42 млн теңгеден астам соманы құрайтын әкімшілік айппұл төледі.

Хабар 24 телеарнасы