386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл өңіраралық форум қарсаңында жаңа кейіпке енді

  • 449
  • UPD: 13:00, 09.11.2018

Петропавлдағы Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы пленарлық отырыспен жалғасады.

Оған қос мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады. Қызылжар өңірінің орталығы форум қарсаңында жаңаша кейіпке еніп, көркіне көрік қосқан. Оқушылар сарайы мен ұлттық теннис орталығы бой көтеріп, жаңа нысандардың маңында көпқабатты тұрғын үйлер салынды. Қоғамдық көлік тасымалы мен инфрақұрылымдық ахуал да жақсарған. Пленарлық отырыс кезінде қандай мәселелер талқыға салынады?

- Тараптар осы сәтке дейін қандай келісімдер жасасып үлгерді?

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Қазақстан мен Ресей президенттері Қызылжар өңірінде түс ауа кездеседі деп күтіліп отыр. Яғни, форумның пленарлық отырысы сәл кейінірек басталуы тиіс. Әзірге бұл ауқымды жиынға қызу дайындық жүріп жатыр. Оны ақпараттандыруға қазақстандық және ресейлік 200-дей журналист жиылды. Ал жалпы делегаттардың саны 2 мыңнан астам. Атап айтқанда, еліміздің 17, ал Ресейдің 11 аймағынан іскерлік топ өкілдері бас қосты. Пленарлық отырыс басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин теннис орталығында кең қанат жайған көрмені тамашалап, туристік өңірлердің мүмкіндігін бағамдайды. Сондай-ақ жеке-дара кездесіп, туризм тақырыбында ой бөліседі. Басқосуда екіжақты қарым-қатынастың жай-жапсары мен халықаралық мәселелер де қозғалуы мүмкін. Еске сала кетейік, кеше Астанада ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының жиыны өтіп, Қазақстан мен Ресей президенттері, сондай-ақ, өзге де мүше мемлекеттердің басшылары кездескен болатын. Ал бүгінгі Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің жоғары деңгейдегі кездесуінде туризм саласын дамытуға арналған маңызды бастамалар көтеріледі деген болжам бар. 

- Тараптар осы сәтке дейін қандай келісімдер жасасып үлгерді? 

Егер кешегі күн қорытындыларына тоқталсам, қос мемлекеттің үкімет өкілдері 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын арнайы бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Соның аясында шекаралық аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі бастама көтеріліп отыр. Яғни алдағы 7 жыл бойы арадағы барыс-келіске кедергі болған мәселелердің шешімі табылады. Бұдан бөлек Қазақстандық тарап 130-ға жуық мемлекеттің азаматтары үшін визаны электронды түрде беруге ниетті екенін жеткізді. Тараптар бүгін де бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қоюы тиіс. Айта кетейік, форумға «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты тақырып арқау болған.

Хабар 24 телеарнасы