388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы туризм саласының әлеуеті артады

  • 920
  • UPD: 14:15, 09.11.2018

Қазақстан мен Ресей арасында туристік байланыстың әлеуеті зор. Әсіресе көрші елден Шығыс Қазақстан шекарасына дейінгі жол салынып бітсе, екі тараптан саяхатшылар ағылайын деп тұр.

Осы мақсатта қос мемлекеттің 15-ші өңіраралық ынтамақтастық форумында «Үлкен Алтай» жобасы қолға алынған. Онда саланы жандандыруға қатысты өзекті деген мәселелер қарастырылған. Айта кетейік, бұл өңірдің туристерге ұсынар қызықтары көп. Әсіресе қысқы курорт орындары қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. 

Сымбат Рамазанов, облыстық туристік-ақпараттық орталық директоры:

- Мемлекеттік қолдаудың арқасында тау шаңғылы демалыс орындарына баратын автокөлік жлдарын жөндеуге 710 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар тағы 730 миллион теңгеге электр желілері тартылды. Оған Риддер мен батыс Алтай қорығындағы 6 демалыс базасы кірді.

Бұдан бөлек өткен жылдан бері өңірлік және ресейлік ғалымдар әріптестік орнатып, аймақтағы 10 су көзіне бальнеологиялық зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесінде Алакөл құрамында радон бар екені анықталды. Яғни көлдің көптеген сырқаттарға шипа екендігі дәлелденді. Бұл өз кезегінде, өзге де ірі бастамаларға жол ашпақ. 

Жасұлан Сәрсебаев, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы:

- Осы нәтиженің аясында Алакөлде тек қана жазғы уақытта суға түсу ғана емес, қысқы уақытта емделу мақсатында келетін турситердің санын көбейту. Болашақта Алакөлде жыл бойы жұмыс істейтін үлкен санаторий,курорттық нысандар пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы