386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде соңғы 25 жылда электр қуатын пайдалану 56 процентке артты

  • 710
  • UPD: 23:26, 09.11.2018

Сарапшылар мұны демографиялық өсім және халықтың қалаға қоныс аударуымен байланыстырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үдеріс бізге де әлдеқашан келіп жетті.

Ал тәуелсіздік алғалы Қазақстанның шартты жалпы ішкі өнім бірлігінің энергия сиымдылығы 52 процентке төмендеген. Еліміздің энергетикалық ресурсының басым көпшілігі, яғни 67 пайызы өнеркәсіп секторына жұмсалады. Яғни 65 кәсіпорын бүкіл энергияның 3-тен бірін пайдаланып отыр.

Жалпы Қазақстанда қуат көздерін тұтыну үлесі 3 салада айрықша жоғары. Индустриалды-өнеркәсіп секторында бүкіл энергияның – 50, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында – 30, ал көлік саласында 20 пайызын тұтынады.

Ал зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үй қорының 70 пайызы  техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталған. Әсіресе республика бойынша тозығы жеткен желілер көп. Мәселен, ел аумағындағы жылумен жабдықтау желілерінің – 70, ал электр энергиясымен жабдықтау желілерінің 73 пайызы ескірген. Ал газбен жабдықтау желілерінің 33 пайызы тозған.

Хабар 24 телеарнасы