386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Отандастар қоры» Түркия мекемелерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

  • 1083
  • UPD: 23:44, 09.11.2018

Түркияда «Отандастар қоры» осы елдің қос бірдей мекемесімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бірі Шетелдік түріктер және туыстас халықтар басқармасы болса, екіншісі – Юнус Эмре институты. Құжат мекемеаралық диаспора саясатына қатысты тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Тараптар кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды. Сондай-ақ шет елдерде өмір сүретін түрік және қазақ диаспоралары арасында байланысты арттырып, өзара ынтымақтастықты арттыру жолдары сөз болды.

Нұртай Әбіқаев, «Отандастар қоры» КЕҰ президенті:

- Мұндай меморандумға бірінші рет қол қойылып отыр. Өзінің отандастарымен түркі жағы о заманнан бергі қарай түрлі іс-шаралар жасап жүрген. Сондықтан солардың қай дәрежеге жеткенін білеміз.

Шереф Атеш, Юнус Эмре институты басшысы:

- Юнус Эмре институты мен «Отандастар қоры» арасында қол қойылған хаттама аясында мекемеміздің 5 құрлықта орналасқан 56 орталығы бар. 60-тан астам мемлекетте қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Институтымыздың логистикалық мүмкіндіктеріміз бен орталықтарын қазақ қандастарымызбен бөлісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы