386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ғылым мен білімге негізделген агроөнеркәсіп кешендері қалыптасады

  • 698
  • UPD: 23:46, 09.11.2018

Еліміздің ауылшаруашылық кешендерін жаңа форматта дамыту, мамандардың білімін шыңдап, халықаралық деңгейге жеткізу, алдағы 2-3 үш жылда еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру – Елбасы жолдауында атап көрсеткен маңызды міндет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы және өзге де ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелер бүгін Алматыда өткен форумда талқыланды. Мақсат – ауыл шаруашылығын жаһандық деңгейде жандандыру, шетелдің озық технологиялары мен инновацияларын, ғалымдардың жаңалығын өндіріске енгізудің жолдарын қарастыру. Қазір агрокешен мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесін шаруаларға жеткізу міндет. Яғни әр облыстағы үздік шаруалар жаңа технологияларды меңгеріп, білімін шыңдайды.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бізге өндірісті дамыту үшін, оның ішінде агроөнеркәсіпті дамыту үшін  білім керек, ғылым керек. Қазіргі заманғы технологияларды біз қалай өндіріске қосамыз, соның жолын іздеу керек. Бес жылдың ішінде агроөнеркәсіпте еңбек өнімділігін 2,5 есеге көтеру керек. Бізде табиғи ресурстар бар. Халық өте еңбекқор. Бірақ біз ғылымсыз, білімсіз жетістікке жете алмайтынымыз анық болып жатыр.

Абдулла Сапаров, Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

- Қазіргі оқу жүйесі мен ғылым саласындағы ғалымдардың басын қосып,  қалай сол өнімділікті еселеп арттырамыз, соның негізін қалай қалау керектігі қаралады деп ойламын. Себебі, біз аграрлық ел болғандықтан, аграрлық саланың дамуы біздің экономиканың дамуының драйвері болуы керек. Біздің ғалымдардың осы салада істеген еңбектері, ұсыныстары өте көп. Соның бәрін өндіріске енгізу талабы тұр.

Хабар 24 телеарнасы