389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда латын әліпбиіне арналған конференция өтті

  • 571
Талдықорғанда латын әліпбиіне арналған конференция өтті

Талдықорғанда «Латын әліпбиі: тәжірибе, пікір» атты халықаралық конференция өтті.

Еліміздің тіл білімі саласында еңбек етіп жүрген ғалымдарымен қатар, шетелдік жетекші университеттердің профессорлары қатысқан жиында жаңартылған латын негізді әліпбидің емле ережесі жобасы таныстырылып, талқыланды. Ғалымдар «бір дыбыс бір таңбамен берілуі керек, ең ыңғайлысы сол», - деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, емле ереженің ең соңғы нұсқасы келесі жылы көктемде бекітіледі. «Оған дейін елді мекендер мен мекемелердің атауын латын әліпбиімен жазуға асықпау керек», - дейді ғалымдар.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

– Біз асықпауға кеңес береміз. Өйткені ертең ережелер өзгеруі мүмкін. Әлбетте, бәрін бірден жөндеп алу қиын. Сондықтан қазір елге ыңғайсыздық туғызбай, кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде тілімізді жөнге келтіруде жұмыстар жасалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы