384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда көпқабатты үйлерге QR-кодты тақтайшалар орнатылуда

  • 504
  • UPD: 08:06, 11.11.2018

Онда тұрғындарға қажет ақпарат сандық үлгіде жазылған.

Алдымен арнайы мобильді қосымшаны смартфонға жүктеп алып,  тақтайшаға ұялы телефон камерасын бағыттау қажет. Құрылғы QR-кодты оқыған соң, сол үйге коммуналдық қызмет көрсететін мекеме мен учаскелік полиция бекетінің байланыс номерін көрсетеді. Сондай-ақ post.kz сайтына сілтемеге өту арқылы коммуналдық төлемдерді онлайн төлеуге болады.

Айта кетейік, QR-кодты тақтайшалар орнату шығынын пәтер иелері кооперативі көтереді.

Данияр Шакиров, қалалық талдау және цифрландыру бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі таңда QR-кодты қалаға орнатып жатырмыз. 26-шағын аудан толықтай біздің идеямызды қабылдап, өздері бастап жатыр. Оларға рақмет. Алдымызда 27-шағын аудан тұр. Жалпы, бүкіл қалаға осы жылдың аяғына дейін орнатамыз деген үміттеміз. Қазіргі таңда 6 үйге қондырылды, тағы 40 үйге тапсырыс алынды. Жұмыстар жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы