389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда бие сүтінен балалар тағамы өндіріледі

  • 412
  • UPD: 09:11, 11.11.2018
Қарағандыда бие сүтінен балалар тағамы өндіріледі

Қарағандыда 2019 жылы бие сүтінен балалар тағамын жасайтын жаңа зауыттың құрылысы басталады.

Жоба құны – 3 миллиард теңге. Жылына шамамен 100 тонна өнім шығару жоспарда бар. Қазір саумалдың құрамы зерттеліп жатыр. Жетіспейтін дәрумендер Швейцариядан жеткізілмек. Жалпы, бұл компания осыдан үш жыл бұрын бие сүтінің құрғақ ұнтағын шығаруды қолға алған болатын. Қазір 20 тонна өндірсе, келешекте 120 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Қазір ол өнімнің тең жартысы шет мемлекеттерге экспортталады. Айта кету керек, ұнтақталған бие сүті бұдан бөлек азық-түлік, фармацевтика және опа-далап өнеркәсібінде де кеңінен қолданылады.

Қадырбек Мейрамбеков, компанияның бас директоры:

- Биенің сүті 1 пайыз, ал әйелдердің сүті 4 және 4,5 пайыз. Бала шешесінің кеудесін емгеннен кейін, 2-3 сағат жыламайды. Ал біздің сүтті сол көлемде емсе, 1 сағаттан кейін қарны ашып, жылай бастайды. Ғалымдар рапс майын қосып сүтке, майлылығын көтереді.

Хабар 24 телеарнасы