386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ағаштардың электронды картасын жасау үшін 65 млн теңге бөлінген

  • 384
  • UPD: 09:17, 11.11.2018
Қарағандыда ағаштардың электронды картасын жасау үшін 65 млн теңге бөлінген

Қарағандыда жасыл желектердің электронды картасы құрылып жатыр.

Онда барлық ағаштар мен бұталар белгіленіп, олардың жағдайы мен күтімі, отырғызылған орны мен уақыты жазылады. Ағаштарды картаға енгізу 2019 жылдың сәуірінде аяқталады деп жоспарлануда. Қалалық бюджеттен бұл мақсатқа 65 миллион теңге бөлінген. Қазір мамандар Қазыбек би атындағы аудандағы барлық талдарды есепке алуды аяқтап, Октябрь ауданындағы жасыл желектерді тіркеуге кірісті. 

Данияр Досмамбетов, Қазақ орман ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері: 

- Әр ағаш компьютерлік базаға тіркеледі. Мысалы, қураған ағаштар, қисайған немесе шіріген ағаштар жайлы мәлімет беретін кезде аса көңіл аударып, кесу жұмыстары ұйымдастырылады. Болашақта орнына жаңа, жас өскіндерді отырғызу үшін жұмыстар жасалынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы