389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тұрғындары алыс сапарға көлікпен шықпау туралы ескертілді

  • 415
  • UPD: 09:04, 12.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында боран тұрып, қар араласқан жаңбыр жауды.

Тіпті өткен демалыс  күндері  облыстың кейбір жерлерінде сынап бағанасы  25 градусқа дейін төмендеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті халықты алыс жолға шықпауға шақырды. Десе де сапардан бас тартпайтындарға  жол бойында жылыну пунктері ашылғанын хабарлады.  Жалпы өңірде осындай 16 пункт жұмыс істеп тұр. Олардың 4-уі  Өскемен - Семей, Алматы-Семей,Семей-Павлодар және Омбы-Майқапшағай бағытттарында орналасқан.  Аталған орындарда тәулік бойы дәрігер, фельдшер, құтқарушы сынды 5 маман кезекшілік атқарады.

Мәулен Тәкежанов, ІІМ ТЖК «Медициналық апат» орталығы филиалының басшысы:

- Сонымен қатар бұл пунктің мамандары  ары бері өтіп жатқан жолаушылар  қандай да бір көмек сұраған жағдайда оларға  қол ұшын береді. Ал қысқы уақытта ол жер жылынатын орын ретіне де қызмет көрсетеді. Мәселен, тек соңғы екі жыл ішінде ол пунктерге жалпы 170 тен астам адам тоқтап жылынып ары қарай сапарларын жалғастырған.

Хабар 24 телеарнасы