387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жолдарға бөлінген қаржының басым бөлігі қар шығаруға жұмсалады

  • 359
  • UPD: 09:10, 12.11.2018

Батыс Қазақстан облысында 2 мың адам мен 800-ге жуық техника қыс маусымындағы төтенше жағдайлардың зардабын жоюға әзір.

Қалың қар түсе қалса, өрт сөндіру құрылымдарының еріктілері де бұл іске жұмылдырылмақ. Барлық әлеуметтік нысандар, соның ішінде ауруханалар мен білім ордалары дербес қуат көзімен қамтылған. Ал облыс орталығында жолдарды күтіп ұстауға 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржының басым бөлігі көшедегі қарды тасып шығаруға және еріген қар суын сорып тазалауға жұмсалмақ.

Орынбасар Бисенғалиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Барлық техника 100 пайызға дайын. Техниканың саны 110 бірліктен асады. Сонымен қатар оған қарамастан егер қатты қар болған жағдайда барлық жеке мекемелермен техникаларды жалға алу бойынша бәрімен шарт жасалды.

Бақытжан Ихсанов, облыстық ТЖ департаментінің бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қар ұстайтын құрылғылар бар қойған. Ол деген 7 мың метрден асады. Сосын айтып өтсек, жолдарда 18 жылыту пункті бар. Және де осы жолдардың бойындағы 36 кафе жылыту пункттері ретінде қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы