386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде құрылысшылардың жалақысы өседі

  • 304
  • UPD: 07:57, 12.11.2018
Ақтөбеде құрылысшылардың жалақысы өседі

Ақтөбелік құрылысшылардың жалақысы 10-12 процентке өседі. Елбасы жолдауында тұрғындардың әл-ауқаты оңалтуға бағытталған негізгі қадам – жұмысшылар нәпақасының өсуі делінген болатын.

Сондықтан өңірлердегі компаниялар бұл тапсырманы алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыратындығын жеткізді. Ақтөбеде орналасқан 500-ден астам мекеме бұл бастамаға қосылатынын мәлімдеді. Қазір құрылыс алаңдарында мыңнан астам ақтөбелік еңбек етеді. Бұл өңірдегі жаңа баспана санын арттыруға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде 850 мың шаршы метр үй қолданысқа берілмек.

Нұрғиса Нұрадинов, құрылыс компаниясы басшысының орынбасары:

- Біздің компания жұмысшылар жалақысын өсіру туралы шешімді алғашқылардың бірі болып қабылдады. Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 50-55 мың теңге төңірегінде. Орташа жалақы - 80 мың теңге. Алдағы жылдың қаңтарынан бастап 10-12 процентке өсіреміз.

Хабар 24 телеарнасы