387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсу қаласында өрттен 54 жастағы ер адам көз жұмды

  • 350
  • UPD: 11:49, 12.11.2018
Ақсу қаласында өрттен 54 жастағы ер адам көз жұмды

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт кезінде 54 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

«Өрт Дөнентаев көшесі бойындағы бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында болған. Оқиға орнынан ер адамның денесі табылды. Көрші пәтер тұрғындары да зардап шекті, зейнеткер мен 24 жастағы жігіт газдан уланып, қалалық ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт себептері анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы