384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Осы аптада қайда баруға болады: футбол, хоккей және театр

  • 410
  • UPD: 12:28, 12.11.2018
Осы аптада қайда баруға болады: футбол, хоккей және театр astana.gov.kz

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 12-18 қарашада болатын мәдени және спорттық шаралардың тізімін ұсынады.

Тәуелсіздік сарайында 12-30 қараша аралығында «Астана – жастар болашағы» елордалық Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі мен «Ақанаевтар династиясының» жеке көрмесі өтеді.

12 қарашада сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қ.Қожамияров атындағы ұйғыр мемлекеттік академиялық театры дайындаған «Астана» спектаклі көрсетіледі.

14 қарашада сағат 19:30-да «Барыс Аренада» КХЛ чемпионатының шеңберінде «Барыс» ХК – «Амур» ХК командаларының арасында ойын өтеді.

14-15 қарашада Тәуелсіздік сарайында сағат 19:00-де «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі өтеді.

14-19 қарашада сағат 10:00-де «Сарыарқа» велотрегінде велотрек бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты өтеді.

15 қарашада сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Халық әртісі Роза Бағланованы еске алуға арналған «Сағындым, апа, даусыңды» атты концерт болады.

«Астана Арена» стадионында сағат 21:00-де УЕФА ұлттық лигасының футбодан іріктеу матчы өтеді. Қазақстан мен Латвия ойнайды.

15-16 қарашада сағат 11:00-де «Алау» мұз айдынында «2018-2019 жж. көпсайыс бойынша қысқы маусымның ашылуы» конькимен жүгіру спорты бойынша жарыс өтеді.

16 қарашада сағат 19:30-да КХЛ чемпионаты шеңберінде «Барыс» ХК – «Динамо» ХК (Мәскеу) командалары арасында матч өтеді. Ал Ж. Жабаев атындағы (ҚазҰӨИ) концерт залында сағат 20:00-де оңтүстіккореялық композитор және пианист Shin Jiho көптен күткен концертін ұсынады.

16-17 қарашада сағат 10:00-де «Думан» СОО көркем гимнастикадан Астана чемпионаты болады.

18 қарашада сағат 17:00-де «Барыс Аренада» КХЛ чемпионаты аясында «Барыс» ХК – «Салават Юлаев» ХК командалары арасында ойын өтеді.

Хабар 24 телеарнасы