384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада әйгілі саясаткерлер Еуразияның келешегін талқылады

  • 308
  • UPD: 13:47, 12.11.2018

Астанада әлемге әйгілі сақа саясаткерлер мен сарапшылар және дипломаттар бас қосып, болашақты қалай құру жайын талқылап жатыр.

Тіпті алдағы уақытта өңір үшін төніп тұрған басты қауіп-қатерлерді зерттеп, бірқатарын атап өтті. Сондай-ақ оларды шешу жолдарын қарастырды. Қазір жаһандық жиыннан әріптесім Талғатбек Әбдіқожа тікелей байланысқа шығуға дайын. 

Жаһандық қауіптердің ең негізгілері деп – жаппай қаруланудың күш алуын, киберқауіптердің дамуы және «шиеленіс ошақтарының» қайта жандануын айтуға балады. Сонымен қатар Қытай мен АҚШ арасындағы сауда текетірестерінің шиеленісуі, Таяу Шығыстағы тұрақсыздық және Ресей мен Батыс елдерінің қатынастың салқындауы да Еуразияның дамуына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай қорытынды әлем елдерінің 30-дан астам сарапшысы мен саясаткерлерінің зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша жасалды. Сондықтан бүгінгі жиынға қатысушылар проблеманы дер кезінде анықтап, оны шешу жолдарын қарастырмақ.

Айта кету керек, саяси форум үлгісіндегі Астана клуб отырысының бүгін өткізілуі тегін емес. Өйткені 100 жыл бұрын дәл осы күні бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған. Соның нәтижесінде Еуразияда ауқымды өзгерістер болып, империялар ыдырады. Ұлттар Лигасы құрылып, ұжымдық қауіпсіздік шараларын қабылдады. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған болатын. Сондықат нсарапшылар сол қателікті қайталамас үшін Тарих бізге нені үйретті деген тақырыпта талқыға салады.

Хабар 24 телеарнасы