388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады: Компания өкілдері төтенше жағдай туралы айтты

  • 569
  • UPD: 22:57, 12.11.2018

Қазақстандық Air Astana компаниясының «Ембраэр-190» ұшағы төтенше жағдайда Португалияның әскери әуежайының біріне қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше  Астана уақытымен кешкі сағат 21:30-да болған.

Техникалық тексерістен өткен ұшақ әуеге көтерілген кезде басқару жүйесінен ақау шыққан. Сөйтіп экипаж дереу Лиссабон әуежайынан көмек сұрайды. Нәтижесінде әскери ұшақтар қолғабыс етіп, Бежа әуежайына қонуға жәрдемдеседі. Айтарлықтай зардап шеккен ешкім жоқ. Алайда екі адамға дәрігердің көмегі қажет болған. Air Astana өкілдерінің айтуынша, компанияда мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. «Ал ұшақтың төтенше жағдайға ұшырауы Португалияда жасалған жөндеу жұмыстарының сапасыздығынан болуы ықтимал», – дейді компания басшылары. Қазір оқиғаға қатысты тексеру басталды.

Питер Фостер, Air Astana әуе компаниясының президенті:

- Ұшақты шығарушы компаниямен бірлесіп ауқымды тексеріс өткізіледі. Ең алдымен әуедегі техникалық ахаулардың не себепті болғандығын анықтау қажет. Содан кейін дәл осындай келеңсіздіктің қайталанбауына мүмкіндігінше кепілдік алуымыз керек. Ал сынақ шаралары жасалғаннан кейін ғана ұшақтың ұшу-ұшпау мәселесі қаралады.

Хабар 24 телеарнасы