382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы семинар-кеңесте жұмыскерлердің әлеуметтік мәселесі қаралды

  • 301
  • UPD: 23:34, 13.11.2018

Елімізде өндірісті жаппай цифрландыру жұмыстары қарқынды жүзеге асып жатыр. Мамандардың болжамы бойынша 2030 жылға дейін барлық кәсіпорындағы жұмыстың 45 проценті сандық технологияға көшпек.

Осының салдарынан 2025 жылға қарай 5 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Қарағандыда өткен «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибе және даму болашағы» атты республикалық семинар-кеңесте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин осындай мәлімет келтірді.

Алқалы жиында өнеркәсіпті дамыту, жұмыскерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбек қауіпсіздігін нығайту, кәсіподақтар жұмысын жандандыру жайы кеңінен сөз болды. Бір ғана Қарағанды облысының өзінде алдағы үш жылда 27 инвестициялық жоба жүзеге асып, 9 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Тағы бір ақжолтай хабар: Елбасы жолдауынан соң еліміздегі 1 мыңнан астам кәсіпорында еңбек ететін 75 мың жұмыскердің жалақысы өскен. Ал жаңа жылдан бастап айлығы төмен 1 миллион 300 мың адамның табысы 30 процентке артады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары:

- Өндірісті автоматтандырудың әлеуметтік әсерін ескере келе халықаралық институттардың тәжірибесіне сүйене отырып, еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың шараларын қабылдадық. Қазір жергілікті ақтарушы билік пен кәсіпорындар арасында 700-ден астам келісімге қол қойылып, жол картасы жасалды. Осы құжат арқылы жұмыстан босаған еңбеккерлерді қайтадан оқытып, жалақысы жоғары басқа жұмысқа тарту мәселесі шешіледі.

Алқалы жиында өнеркәсіпті дамыту, жұмыскерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбек қауіпсіздігін нығайту, кәсіподақтар жұмысын жандандыру жайы кеңінен сөз болды. Бір ғана Қарағанды облысының өзінде алдағы үш жылда 27 инвестициялық жоба жүзеге асып, 9 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бақтияр Қырықпышев, «Қазақмыс «Корпорациясы» ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры:

- Елбасының тапсырмасы бойынша 1 қаңтардан бастап бізде бүкіл жұмыс істейтін азаматтарға, бізде 41 мың адам жұмыс істейді ғой, бәріне айлықты көтереміз. Бір 8-9 пайызға көтереміз.   

Николай Радостовец, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

- Қазір еліміздегі барлық компаниялар жұмыскерлер жалақысын орташа есеппен 8-ден 14 пайызға дейін өсіріп жатыр. Бірақ бұл барлығының айлығы бірдей көтеріледі деген сөз емес. Ең әуелі еңбекақысы ең төмен жандарға әлеуметтік қолдау жасалады.

Хабар 24 телеарнасы