388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жас отбасыларға коммуналдық төлемнен жеңілдік жасау қарастырылды

  • 386
  • UPD: 23:26, 13.11.2018
БҚО-да жас отбасыларға коммуналдық төлемнен жеңілдік жасау қарастырылды

Соңғы кездері монополист кәсіпорындардың басынан дау арылмай кетті. Қазір Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушы құқығын қорғау комитетінің аймақтық құрылымдары азаматтардың арыз-шағымдарына баса назар аударып отыр.

Батыс Қазақстан облысында өткен тұрғындарды қабылдау кезінде газ бағасының көршілес өңірлермен салыстырғанда қымбаттығы айтылды. Сосын коммуналдық төлемдерге қатысты жас отбасыларға жеңілдік берілсе деген мәселе көтерілді. Араларында арыз айтып, онысына дәйек ұсынғандары бар. Айталық, жергілікті тұрғын Кәусар Байғалиева монополистердің кесірінен артық шығынға батқанын алға тартты. Жаңадан орнатқан газ есептегіш жарамсыз боп шыққан. Соның кесірінен қосымша ақша төлеуге мәжбүр болған. 

Кәусар Байғалиева, Орал қаласының тұрғыны:

- Мамандарға звондадық, контролерге звондадық, ешкім келген жоқ. Бүгін кері бардық та жағдайды айтқан кезде олар деген есептегішті шешіп аламыз, кері қайта қондырамыз, сол үшін 5 мың теңге төлеңіз деп, төледік. Енді орнына жаңа құрал қондырамыз.

Нұрбол Еслямов, табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының м.а:

- Көптеген маңызды сұрақтар қарастырылды. Атап айтсақ, электр энергиясына қатысты, жылуға қатысты, газға қатысты, көптеген сұрақтар қарастырылды және де көптеген азаматтардан арыз-шағымдар алдық. Сол бойынша біз тиісті шара қолданып жұмыстанатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы