389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

  • 709
  • UPD: 12:26, 14.11.2018
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? massaget.kz

Суық және кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына әлі де әсерін сақтайды, деп болжамдайды «Қазгидромет».

Республиканың басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар ауа температурасының аздаған жоғарылауы күтіледі. Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде кей жерлерде аздаған қар, ал 17 қарашада батыс желінің күшеюі және бұрқасын күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы