384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


11.00-де жарылады: Астанада 15 жастағы оқушы алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 514
  • UPD: 15:40, 14.11.2018
11.00-де жарылады: Астанада 15 жастағы оқушы алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін elorda.info

Астана қалалық полиция департаменті бүгін елордадағы мектептің бірін «жармақ» болған адамды анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 қараша күні сағат 08:00 шамасында 102 пультіне мектеп директорынан белгісіз адамның қоңырау шалып, сағат 11:00 кезінде мектептің жарылатыны туралы хабарлағанын айтты. Полицейлер санаулы минутта оқиға орнына жетіп, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымына тиесілі аумақты қоршауға алды. Мектеп оқушылары, ұстаздар мен қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Сағат 10:05 кезінде тексеру аяқталып, қоршау алынды. Тексеру кезінде қауіпті және тыйым салынған заттар табылмады. Жедел-іздестіру шаралары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, ұсталды. 15 жастағы оқушы бомба туралы жалған мәліметті бұзақылық ниетте хабарлағанын айтты. Террорлық акт туралы жалған мәлімет беру фактісі бойынша (ҚР ҚК 273-бабы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, баспасөз қызметі террорлық акт туралы жалған мәлімет беру қылмысына 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясы көзделген. ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша жауапқа 14 жастан бастап тартылады.

Хабар 24 телеарнасы