386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде такси жүргізушісі көлігінде қалып қойған 1,5 млн теңгені қайтарып берді

  • 407
  • UPD: 18:20, 14.11.2018
Семейде такси жүргізушісі көлігінде қалып қойған 1,5 млн теңгені қайтарып берді baq.kz

Такси жүргізушісі көлігінде қалып қойған 1,5 млн теңгені иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей қалалық полициясына 12 қарашада 42 жастағы жергілікті тұрғын 1,5 миллион теңгесі бар пакетін жоғалтып алғанын айтып шағымданған.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жәбірленушінің «ВАЗ-2107» автокөлігінің салонында пакетін қалдырып кеткенін айтты. Ол өзін Әуезов даңғылы бойына жеткізіп тастаған автокөліктің түсін де, мемлекеттік тіркеу нөмірін де жаттап қалмаған», – делінген хабарламада.

Кейін анықталғандай, көлік жүргізушісі көлігінде қалып қойған пакетті алып, ақшаны иесіне қайтарып берген.

Хабар 24 телеарнасы