384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті

  • 525
  • UPD: 21:33, 14.11.2018
Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті

Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті.

«Первая помощь» ЖШС директоры Бақытжан Турметовтың айтуынша, Тілеу Сапаров жұмыстан кету туралы өтініш жазған. 9 қарашада жедел жәрдем станциясының ұжымына жаңа басшылық таныстырылған.

«Бас дәрігер отставкаға кетті. Бүгінде бас дәрігер болып Мұрат Хадрединұлы Жанқұлов тағайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оны ұжымға таныстырып үлгерді», - дейді Турметов. 

Төтенше жағдайдан кейін фельдшер, дәрігер және 103 диспетчері жұмыстан босатылған. Інжу Жанқынның өліміне қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр. Істі Денсаулық сақтау министрлігі бақылауда. 

Айта кетейік, 3 қарашада Ақтөбеде 7 жасар Інжу Жанқын жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Туыстары жедел жәрдем каретасын 49 минут күткен. Дәрігерлер келген уақытта қыздың қайтыс болғанын айтқан.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы