384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-өзбек Өңіраралық ынтымақтастық формуы өтеді

  • 666
  • UPD: 12:09, 15.11.2018

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Шымкенттегі жиын тақырыбы: «Өнер-кәсіптік ынтымақтастық». Демек екі ел арасындағы  сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайту жайы сөз болады. Осы тұста әріптесім Нұрбек Байбосынмен тікелей эфирде тілдесуді жөн көрдік. 

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Қазақ-өзбек бұрыннан бауырлас ел. Ата-бабамыздың өзі «Өзбек өз ағам» деп сыйластық танытқан.

ВИДЕО: Көрші мемлекеттің Шымшаһармен алыс-берісі жолға қойылған. Мәселен кәсіпкерлік, сауда-саттық, тауар айналымында қарқын бар. Әсіресе экспорт бағытында отандық тауарлардың үлесі Өзбекстанда басым көрінеді. Ала тақиялы ағайындар бізден астық өнімдерін, өсімдік майын, электр жабдықтарына қажетті трансформаторларды сатып алса,  шет мемлекеттен бізге көкөніс пен бақша өнімдері жеткізіледі. Дегенмен Өзбекстаннан біздің еліиізге жеткізілетін импорт көлемі төмендеген дейді сарапшылар.

- Осы форумда екі ел арасындағы туризмді дамыту жайы сөз болар ма екен, оны біле алдың ба? 

- Дәл қазір туризм бойынша панельдік сессия және Іскерлік кеңестің отырысы өтіп жатыр. Себебі екі мемлекетте де туризм саласын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Осыған орай қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе тасымалы, темір жол, сондай-ақ көлік қатынасы жолға қойылған. Ал форум аясында өзбек тағамдарының фестивалі, Техникалар көрмесі де өтеді деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы