389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Өзбекстанда билікке Ш.Мирзиёев келгелі халықтың өмірі өзгерді

  • 573
  • UPD: 12:19, 15.11.2018

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталды. Оған екі ел басшысының бірлігі негіз болды. Ал жалпы Өзбекстан билігіне Шавкат Мирзиёев келгелі қарапайым халықтың өмірі күрт өзгерді.

Елдің экономикасы ілгеріліп, айлық жалақы өсті. Бастысы билік халыққа жақындады дейді сарапшылар.

Өзбекстан жыл өткен сайын жасарып, жаңарып  келеді. Олай дейтініміз көрші елде құрылыс қарқын алып, заман талабына сай жаңа қалалар салынып жатыр. Мирзиеевтің пәрменімен аз ғана уақыттың ішінде «МАНАС» ауылы толықтай бұзылып, қайта салынды. Биыл  Өзбек билігі "кәсіпкерлікті қолдау жылы" деп жариялады    Соның негізінде заман талабына сай кәсіпорындар ашылып, инвесторлар көптеп тартылып жатыр. Оған қоса билік өз алдына іс ашып, шаруамды дөңгелетем деген жандарға шағын несие үлестіруде. Бұл шетел асып жұмыс іздеп сандалып жүретін қарапайым халық үшін тиімді жоба.

Валерий Бирюков, сарапшы:

- Өзбекстанда соңғы екі жылда әлеуметтік-экономикалық серпіліс басталды. Азаматтардың айлық жалақысы көтерілді. Шавкат Мираманұлы Мирзеевтің бастамасымен бірінші кезекте бюжет қызметкерлері мен оқытушылардың, дәрігерлердің еңбек ақысы айтарлықтай өсті. Өзбекстан билігі зейнеткерлердің де еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Бюджет қызметкерлері үшін көптеген жеңілдіктер бар.

Өзбекстан билігі қарапайым халықтың әл ауқатын арттырумен қатар ашықтық қағидатын енгізе бастады.  Тұрғындар әлеуметтік желілерде өзінің пікірін білдіріп, күрмеуі қиын мәселенің оң шешілуіне ықпал етуде. Шавкат Мирзиеев алғашқы күннен бастап қарапайым халықтың пікірмен  санасты. Тіпті кейбір министірлердің галстугын шештіріп, бұқарамен тығыз  жұмыс істеуге  үйретті. Бір сөзбен айтқанда билікті халыққа жақындатты,дейді қарапайым қала тұрғындары.

Шералы Авезметов, Ташкент қаласының тұрғыны:

- Президентіміз Шавкат Мирзиеев басшылыққа келгеннен кейін халықпен тікелей байланыс орнату мақсатында арнайы қабылдау орталықтарын ашты. Сол мекемелер арқылы жұрт көкейлеріндегі сауалдарын Президентке жолдауға мүмкіндік алды. Бұрын білсеңіз көптеген жерлерде тіпті Метрода суретке түсуге ұрықсат жоқ болатын. Қазір оларды емін еркін ашып қойып халық пен шетелден келген қонақтар суретке түсуге жағдай жасалды. Алдын бұндай мүмкіндіктер жоқ еді. 

Өзбекстан бүгінде әлемнің бірнеше елмен арадағы визалық режимді алып тастады. Бұл тізімде бірінші Қазақстан тұр әрине. Көрші мемлекеттер арасындағы шекара шебі ашылды. Бұл барыс- келіспен қатар экономикалық өсімге негіз болды. Осының аясында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық пен экономикалық байланыс екі есеге артқан. Алдағы уақытта бұл көршеткішті 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы да жанданды. Темір жол қызметінің түрі 35 процентке артқан. Ташкент–Шымкент–Алматы, тіпті Қызылорда бағытында арнайы автобустар қатынайды.

Валерий Бирюков, сарапшы:

- Қазақстан мен Өзбекстанның өзара байланысын сипаты мен динамикалық жағына алып қарайтын болсақ осы жылы тауар айналымы екі есеге өскен. Бұл мысалды Астанада өткен кездесуде Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев келтірді. Көрші ел басшысы екі ел арасындағы байланыстың одан әрі нығайып арта беретінне сенім білдірді. Тағы бір ерекше атап өткені соңғы екі жылда Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде үлкен өзгерістер болып жатқанына ерекше тоқталды.Сонымен бірге сасат пен экономикада ырықтандыру саясатының жүріп жатқанын атап өтті.

Өзбекстан мемлекетті қазіргі таңда инвесторларға көп иек артуда. Ішкі нарыққа қомақты қаржы салған шетелдің қалталы азаматтарына жағдай жасалып жатыр. Әр өңірде арнайы индустриалды аймақтар ашыла бастады. Жерасты қазба байлықтары мен алтын өндірісіне де инвесторлар тартпақ ниетте. Машина жасау,  тоқыма және алып өндіріске де шетелдіктер қолғабыс жасамақ.

Қанат Жүнісбеков,Twitter@Kanat_Shim:

- Өзбекстан экспорттық тауар өндіруші кәсіпорындардың әлеуетін арттыруды көздеп отыр. Соның негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарына бастап шетел нарығына шығарылатын 8 бірдей тауар түріне қойылған шектеуді алып тастады. Оның ішінде атап айтатын болсақ тауық еті пен шошқа еті және күнбағыс майы бар. Ал жерасты қазба байлықтарынан Вольфрам мен жібек құрты қалдықтарын қалағанынша экспорттауға мүмкіндік берілді. Қалай десек те көршілес жатқан және бауырла Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық әріптесі болып қала бермек. 

Авторлары: Қанат Жүнісбеков Зафар Қалилов

Хабар 24 телеарнасы