389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бала психикасына зиянды ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

  • 610
  • UPD: 17:15, 15.11.2018

Келесі жылдың 10 қаңтарынан бастап, елімізде барлық ойын-сауық және Ток шоу бағдарламалар жас шектеуі қойылған белгімен көрсетіледі.

Ал тікелей эфирге шығатын жаңалықтар мен сараптамалық хабарлар жас ерекшелігімен таңбаланбайды. Осыған дейін бұл талап тек фильмдерге қолданылып келген еді. Жаңа заң балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты іріктеуге мүмкіндік бермек. Арнайы жиынға отандық және шетелдік телеарналардың өкілдері қатысып, осы мәселелерді пысықтады. Еске салсақ, заң жобасы биыл шілде айында қабылданған болатын. Қазір заңнамалық актілерді талқылау ісі жүріп жатыр. Оны бұзғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілген жаңа бапқа сәйкес жауапқа тартылатын болады.

Әлия Сейітова, заңгер:

- Бұл бап 2019 жылдан бастап қолданылады. Бірінші жауапты тұлғаға ескерту салынатын болады. Ал телерадиохабарлар таратушы немесе желі операторлары бұл заңды бұзатын болса, ол әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеледі. Ондай жағдайда 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Дмитрий Братусь, заңгер:

- Бұл жаңашылдық енді дамып келе жатқан балалардың психикасын қорғауға арналған. Яғни жағымсыз, зиянды ақпараттардың алдын алады деген сенім бар. Ақпарат алу жас деңгейімен белгіленеді. 6 жасар бала мен 12 жастағы жасөспірімнің мәліметті қабылдау көрсеткіші екі бөлек. Сондықтан таңбалау да әр түрлі болады.

Хабар 24 телеарнасы